«Ғылыми-зерттеу орталығы «Kazakhstan Research and Development» ЖШС Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен CAEx 2025 халықаралық көрмесіне қатысты.

Мұндай іс-шараларға қатысу халықаралық байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және бұзбайтын бақылау мен өнеркәсіптік инспекция салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Біз үздіксіз даму мен жақын және алыс шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыламыз, алдыңғы қатарлы технологиялар мен үздік тәжірибелерді Қазақстанда және оның шегінен тыс жерлерде енгізіп келеміз.

Kazakhstan Research and Development — сапа мен қауіпсіздік саласындағы сенімді серіктес.