ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САРАПТАМАСЫ
Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізу, оның ішінде:
- Технологиялық жабдықты тексеру, диагностикалау, зерттеу, куәландыру және түгендеу;
- Сынақтар;
- Объектілердің техникалық жай-күйін бағалау;
- Қалдық ресурсты болжау;
- Техникалық жай-күй мониторингі;
Кәсіпорындарды күрделі жөндеуді сүйемелдеу (бұзбайтын бақылау зертханасы шеңберінде)
Жабдықтардың, техникалық құрылғылардың, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың, резервуарлардың және т.б. өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізудің мақсаты қауіпті өндірістік объектілердегі авариялық жағдайлардың салдарын болдырмау немесе азайту болып табылады. Авариялық жағдай деп қауіпті өндірістік объектіде пайдаланылатын құрылыстардың және/немесе техникалық құрылғылардың бұзылуы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге, өндірісті тоқтатуға, техногендік сипаттағы ТЖ-ға және т. б. әкелуі мүмкін бақыланбайтын жарылыс және/немесе қауіпті заттардың шығарылуы түсініледі.
Біздің компанияның басты мақсаты клиенттеріміздің қауіпті өндірістік объектілерінде ықтимал істен шығулар мен апаттардың алдын алу мақсатында өнеркәсіптік жабдықтың техникалық жай-күйін сапалы және объективті зерттеуді жүзеге асыруда.
